Қазақтың салт-дәстүрінен, ұлттық нақыштағы киім үлгілерінен хабары бар адам Күлән Жанғұтты деген есімді естімеуі мүмкін емес. Ол – соңғы жылдары еліміздегі және әлемдік деңгейдегі байқауларға қазақтың төл өнерімен қатысып, көшпенділер өркениетін насихаттап жүргендердің бірі.
Күлән Құсайынқызы сонымен бірге жүннен бұйым мен киім жасауды үйренемін деушілерге тренингтер өткізіп тұрады.
Осы күнге дейін Күлән Құсайынқызы Шығыс Қазақстан облысының Зырян, Қатон Қарағай ауданында, Қарағанды облысының Ұлытау, Ақтоғай ауданында жастар мен отбасылы әйелдерге әлем стандарттарына сай, жаңа технологиямен табиғи шикізат – қой жүнін өңдеуді, бұйымдар жасауды үйретіп, үлгі пішін, дизайн, түрлі көркем тігістер тігу жөнінен дәріс беріп үлгерген.
Бүгін 09:00-де «Сенбілік таңды» көріңіз.