Астанада Петерьян Вермуртел шеберлік сыныбын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Петерьян Вермуртел шеберлік сыныбын өткізді

19.06.2015
Астанада  Петерьян Вермуртел шеберлік сыныбын өткізді

Бүгін Астанада  бельгиялық архитектор Петерьян Вермуртелдің шеберлік сыныбы өтті.

Онда архитектор еуропалық қала салудағы заманауи тенденциялар, энергоүнемдегіш технологиялар мен «ақылды үй» технологиясы туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, шара барысында қызықты архитектуралық жобалар мен қызмет кезінде кездескен мәселелерді шешу жолдары туралы айтты.

Аталмыш шара 26 маусым күні өтетін I Халықаралық архитектуралық форум аясында өткізіліп отыр.

Хабарламаларға жазылу