Астанада бокстан Қазақстан Кубогының жеребесі тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бокстан Қазақстан Кубогының жеребесі тартылды

19.06.2015
Астанада бокстан Қазақстан Кубогының жеребесі тартылды

Жеребе тарту рәсіміне бокстан ерлер арасында Ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов және қыздар арасындағы бокстан 2014 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ләззат Күнгейбаева қатысты.

16 облыстың бокшылары төрт топқа бөлінген.

«А» тобы: Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы.

«В» тобы: Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облысы және Алматы қаласы.

«С» тобы: Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Алматы облысы.

«D» тобы: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы және Астана қаласы.

«А» тобының жекпе-жектері Атырау облысында, «В» тобы – Ақтау, «С» тобы Талдықорған, «D» тобының ойындары Астана қаласында өтеді.

1/4 финалдық ойындар 20-23 және 27-30 тамыз аралығында өтсе, жартылай финал мен финал 14 және 15 желтоқсанда өтеді.

Әр облыс құрамасының сапында 20 боксшы (10 – негізгі, 10 – қосалқы құрам). Кездесулер 10 салмақ дәресінде өтпек. 

Хабарламаларға жазылу