«Қызметі адал, қолы алтын» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызметі адал, қолы алтын»

19.06.2015
«Қызметі адал, қолы алтын»

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Қазақтың осы бір әдемі тәмсілін бүгінгі күні ескеретіндер саны аз. Алыстағы Америка семіздік ауруымен жалпыұлттық күрес жарияласа, Қазақстанда қан қысымы, қатерлі ісік, қан аздығы, сусамыр, т.б. аурулар азаяр емес.

Біздің ақ халатты абзал жандар білімін де, білігін де көтеріп, осындай аурулармен күресіп келеді. Талай емхана ашылып, заманауи медициналық  техникамен жабдықталды. Мамандар шетелге шығып, біліктілігін арттыруда.

Алайда,  біз дәрігерлерді жиі кінәлауға, біліктіліктеріне күмән келтіре сөйлеуге құмармыз. Шынында да біздің дәрігерлердің білітілігі төмен бе? Неге қолда бар алтынның қадірін білмей жүрміз? Осы сұрақтарға бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» жауап іздейді.

Хабарламаларға жазылу