«Ермак Бидахметұлы Сәлімовтың халық үшін аянбай еңбек ететіндігіне, көне қаланың жаңаша дамитындығына және осындай бағытта тәжірибесі жететіндігіне мен сенімдімін», - деді облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы.
Ермак Сәлімов - 1957 жылы 26-шы қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Чердояк ауылында дүниеге келген.
Алғашында ШҚО Глубокое аудандық Ертіс полиметалл комбинатының Березові кен орнының шахтасында жерасты кен маманы қызметін атқарған. Ал, 2010 жылдың шілдесінде Зырян ауданының әкімі болып тағайындалды.
Семей қаласының бұрынғы басшысы Айбек Мұталапханұлы Кәрімов 2011 жылдың қаңтар айында әкім лауазымына тағайындалған.