Таня Холланд: Қазақстанда аспаздардың тағамды ерекше ынтамен даярлайтынына куә болдым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таня Холланд: Қазақстанда аспаздардың тағамды ерекше ынтамен даярлайтынына куә болдым

15.06.2015
Таня Холланд: Қазақстанда аспаздардың тағамды ерекше ынтамен даярлайтынына куә болдым

«Бұл менің Астанаға, жалпы Қазақстанға алғаш келуім. Қазақстан мәдениетімен етене танысып, тағамдарының дәмін таттым. Ғажайып ел. Маған қатты ұнады. Сіздердің мәдениеттеріңіз бен тағамдарыңызға тәнті болдым»,-дейді шетелдік мейман.

«Мен бауырсақ, қазақша ет, лағманның дәмін көрдім. Өте дәмді екен. Америка халқы етті аз мөлшерде қолданады. Онда вегетариандық дәстүрді ұстанатын адамдар көп.  Соған байланысты мен ас мәзірінде адамдардың талғамын ескеремін. Меніңше, ет тағамдарын тепе-теңдікті сақтап, мөлшермен тұтынған жөн».

«Қазақстанда бірқатар өз ісіне тиянақты, жауапты, мамандығын сүйетін, шебер, мықты аспаздармен жолығып, ас мәзірімен танысып, олардың тағамды ерекше құлшыныспен, ынтамен даярлайтынына куә болдым. Ас үйде даярланатын ұлттық тағамдарды сүйіспеншілікпен жасағанын көрдім»,-дейді Таня.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу