«Астана Опера» театрының алаңында «Шығармашылық өмір» атты картиналар көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театрының алаңында «Шығармашылық өмір» атты картиналар көрмесі өтеді

13.06.2015
«Астана Опера» театрының алаңында «Шығармашылық өмір» атты картиналар көрмесі өтеді

14 маусым күні «Астана Опера» театрының алаңында «Абрис-АRT» дизайн студиясының бес жылдығына арналған «Шығармашылық өмір» атты картиналар көрмесі өтеді.

Шара аясында №2 қалалық балалар ауруханасы базасындағы сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндердің «Қасиетті жол» оңалту орталығы қорына арналған қайырымдылық аукционы ұйымдастырылмақ.

Сонымен қатар, кескіндеме өнері бойынша шеберлік сағаты өткізіліп, «Астана Опера» театрының қойылымдары үшін мерекелік лотореялар ойнатылады.   

Басты сыйлық - «Абрис-АRT» дизайн студиясының картинасы.

Көрме аясында қатысушыларға «Өзіңді суретші сезін!» атауымен фотосессия жүргізіледі.

Басталуы: сағат 17.00-де.  

 

Хабарламаларға жазылу