Адамзат қашанда сұлулық пен әсемдікті елеусіз қалдырған емес. Бұл – адам жанының сұлулыққа құштар екенін көрсетеді. Ал, уақыт өткен сайын сұлулықтың өлшемі де түрлі сипатқа еніп, күрделеніп келеді. Оның айғағы, бүгінгі сәнқойлар.
Қазіргі таңда әйелдерге де, ерлерге де әдемі болып көріну ешқандай мәселе емес. Сұлулық салонына бас сұқса болды, шашты сәндеп, бет-әлпетті әрлеп береді. Бірақ, бір мәселе – мұндай жерлердегі тазалықтың сақталуы.
Көпшілік орта болғаннан кейін мұнда келетін адамдар да әртүрлі. Ал, оларды сәндеу кезінде қолданылатын заттар санаулы ғана. Демек, біріне қолданылған құрал-жабдық екінші адамға да «қызмет» етеді, деген сөз.
Маникюр, педикюр және осы секілді өзге де сұлулық салонында болатын процедуралардан қауіпті дертті жұқтырып алған кейіпкер бүгін «Әйел бақытында» қонақта. Түрлі жұқпалы аурулардан сақтану жолдары туралы ақпарат алғыңыз келсе, 15:00-де Ұлттық арнаны қосыңыз.