Астанада қазақша жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қазақша жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

12.06.2015
Астанада қазақша жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

Халықаралық деңгейдегі турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.

Жекпе-жек қазақтың ержүрек батырларының арасында қалыптасқан ежелгі дәстүрдің негізінде құрылған спорттық айқас түрі. Қазақстанда жекпе-жектің жаңғыруы белгілі спортшы Сабыржан Махметовтың есімімен тікелей байланысты.

Жекпе-жек – федерациясы Қазақстанда 2011 жылы құрылған. Бірнеше жыл ішінде Әлем елдерінде жауынгерлік самбо, джиу-джитсу, кикбоксинг, каратэ сияқты спорт түрлеріне қызығушылық жыл санап артып келеді.

Шараны ұйымдастырушылар: Дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығы, Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы.

 

Хабарламаларға жазылу