«Көркем фильм» кинокомпаниясы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында кастинг жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көркем фильм» кинокомпаниясы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында кастинг жариялайды

10.06.2015
«Көркем фильм» кинокомпаниясы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында кастинг жариялайды

«Көркем фильм» кинокомпаниясы балалар үйі мен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері арасында қазақстандық жаңа «Аяулы арман» атты фильмге кастинг жариялайды.

64 сериялы хикаяның түсірілімі 1 шілдеден басталады. 

Телесериал «Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысымен түсірілмек. Режиссері - Рашид Сүлейменов.

Хикаяда балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірі мен үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамдары туралы баяндалады. Кейіпкерлер қуаныш пен қайғыны, алғашқы махаббат сезімдерін, достық пен сатқындықты бастарынан кешіреді.

Бірақ,  олар жалғыз емес. Бозбалалар мен бойжеткендерге үнемі ата-анасы мен туған-туысқандарының орнын басқан жолдастары, ұстаздары және тәрбиешілері қолдау көрсетіп отырады.  

Үміткерлерден өтінімдер қабылдау 14 маусымға дейін жүргізіледі. Іріктеу 15-16 маусым күндері Алматы қаласында өтеді.

Негізгі талаптар: қазақ тілін білу және актерлік шеберлік. 

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірінен сыр шертетін сериал алдағы уақытта «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетіледі.

Толық ақпаратты 7 771 581 93 93 телефонына хабарласып алуға болады. Резюме мен фотоларды korkemfilm@list.ru электронды жәшігіне салу міндетті. 

Хабарламаларға жазылу