Астанада ақын Олжас Қасым мен Саян Есжанның поэзиялық кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ақын Олжас Қасым мен Саян Есжанның поэзиялық кеші өтеді

10.06.2015
Астанада ақын Олжас Қасым мен Саян Есжанның поэзиялық кеші өтеді

«Екеудің кеші». Осындай атпен 13 маусым күні сағат 17:00-де Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының журналистері Олжас Қасым мен Саян Есжанның поэтикалық кездесуі өтеді. 

Кешті ұйымдастырушы – ҚР Ұлттық кітапханасы «ТӘЖ» әдеби-интеллектуалдық клубы.

Әдеби шарада қос ақынның кітаптары таныстырылып, жырдан шашу шашады. Бұл кеш еркін форматта өтеді. Яғни ақындар бір-бірімен сұхбаттаса отырып, оқырманмен тікелей байланысқа шығады.

 

Біздің анықтама:

Олжас Қасым 1989 жылы 22 сәуірде Семей қаласы, Абыралы өңірі, Таңат ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Бүгінде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында шеф-редактор. «Алтын қалам-2011», «Серпер» Жастар одағы сыйлығының иегері. XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша бірінші орын иегері. «Бозбеткей» өлеңдер жинағының авторы.

Саян Есжан 1991 жылы Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Түлкілі ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған. Қазіргі таңда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Таңшолпан» бағдарламасының редакторы. Өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда жарияланып, туындылары оншақты ұжымдық жыр жинақтарына енген. XVII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Жұлдыз» журналының Ғафу Қайырбеков атындағы арнайы сыйлығының, жас қаламгерлерге арналған Қалижан Бекхожин атындағы сыйлықтың иегері. 2014 жылы «Іңкәр» атты алғашқы жыр жинағы жарық көрген.

Хабарламаларға жазылу