Бағдарлама барысында күйші «Саржал» күйі туралы баяндап берді. «Күй біздің ауылдың, жалпы бар қазақтың қайғы-қасіреті туралы. Бүгінге дейін зардабы басылмай келе жатқан қасірет ол – Семей полигоны.
Қазақтың бар зарын домбыраның екі ішегіне сыйдыру – басты мақсатым болды. Ата-бабаларымыз қуанышты да, қайғыны да домбыраның үнімен жеткізген. Мен де сол ізбен шамам келгенше күй шығардым. Оған «Саржал» деген ат қойдық. Себебі, полигон сол ауылда болды»,-дейді күйші.
Күйші Семей полигонының зардаптарынан көрініс бейнеленген шығармасына бейнебаян түсірген. Осыған байланысты ол: «Екі басты бала, үш аяқты сәби, тағы басқа да түрлі ауруларға шалдыққан жандар. Полигонның салдарын бала кезімізден көріп келеміз. Күй туған соң, оны заманауи сипатта қазақи рэп қоссақ деп, Ерболат Құдайбергеновке рэп оқыттық»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.