Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру мәселелерін жан-жақты талқылау.
Форум жұмысына ҚР Парламент Мәжіліснің депутаттары, ҚР министрліктері мен құрылымдық мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдарының, салалық қоғамдық ұйымдардың, бизнестің, БАҚ өкілдері, кондоминиум объектілерін басқарушылар (ПИК, басқарушы компаниялар) мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Форум аясында отандық және халықаралық сарапшылар энергия тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстары мен жобалары көрсетілді.
Сонымен қатар, энергия тиімділікті арттыру бағытындағы заңнамалық актілерді жетілдіру, энергия тиімді құрылыс, энергия тиімді жарықтандыру, ТКШ-ны басқару, энергосервистік компанияларды енгізу мәселелері де талқыланған.