«Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары маусым айында бірқатар спорттық шараларды тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары маусым айында бірқатар спорттық шараларды тікелей эфирде көрсетеді

05.06.2015
«Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары маусым айында бірқатар спорттық шараларды тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» және «KAZsport» телеарналары маусым айында бірқатар спорттық шараларды тікелей эфирде көрсетеді.

12 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында EURO-2016 іріктеу матчына Қазақстан мен Түркияның Ұлттық құрамалары арасында кездесу өтеді. Бұл – қос құраманың алтыншы кездесуі. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты - 21.40.

6 маусым күні Оңтүстік Африка Республикасының Кемптон-Парк қаласында IBO тұжырымдамасы бойынша кәсіпқой бокстан орташа ауыр салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атағы үшін оңтүстікафрикалық Томас Устуизен мен жаңазеландиялық Роберт  Берридж арасындағы жекпе-жек өтеді.

Бокс кешінің аясында шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлері арасында 21 жастағы қазақстандық Роман Жайлауов та бар. Ол кәсіпқой рингтегі 15-ші кездесуін оңтүстікафрикалық Луянда Жакоға қарсы өткізеді.

Роман Жайлауовпен Луянда Жако арасындағы жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы 6 маусым күні сағат 23:30-да  тікелей эфирде көрсетеді.

Сол сияқты, 12-14 маусым күні «KAZsport» телеарнасы волейболдан Ұлттық құрамалар арасында өткізілетін жыл айынғы Әлемдік Лига ойындарынан көрсетілімдер сериясын бастамақ.

Биыл Қазақстан ерлер құрамасы Әлемдік лигаға алғаш рет қатысқалы отыр. Ұлттық құрама жарыс жолын үшінші дивизиондағы топтық кезеңнен бастамақ. Қарсыластар - Египет, Венесуэла және Испания командалары.

Турнирдің бірінші кезеңі 12-14 маусым аралығында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтеді. Матчтар Астана уақыты бойынша 14.50 және 18.20-да басталады.

Екінші кезең 19-21 маусым аралығында Египет астанасы Каирда өтеді деп жоспарланған. Әлемдік дивизионның Қазақстан Ұлттық құрамасы қатысатын барлық кездесулерін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жарыстың финалдық кезеңі 18-19 шілде күндері Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

 

 

Хабарламаларға жазылу