«Қазақстан достарын шақырады» шарасын тікелей эфирден көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан достарын шақырады» шарасын тікелей эфирден көріңіз

04.06.2015
«Қазақстан достарын шақырады» шарасын тікелей эфирден көріңіз

«МузТВ-2015. Гравитация» жүлдесін тапсыру рәсімі ертең басталады.  Салтанатты шара басталмас бұрын «Астана-Арена» стадионының ашық алаңында «Қазақстан достарын шақырады» атты музыкалық кеш ұйымдастырылмақ. Шараға жаплы саны 60 жуық қазақстандық және Ресей өнер жұлдыздары қатысады.

Қазақ эстрада жұлдыздарының қатарында Әли Оқапов, Адам, Қайрат Түнтеков, Қайрат Нұртас, Ерлан Көкеев, Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, Луина, Жанар Дұғалова, Еске Есмахан, Мақпал Исабекова және «Rin’Go», «Белес», «КешYOU», «Орда» топтары және т.б. бар.

Ал, ресейлік әртістерден ГлюкоZа, Джиган, Юлия Савичева, Слава, Митя Фомин, Стас Костюшкин, «Градусы», «Фабрика», «MBand», Дискотека Авария, Время и Стекло, Никита Пресняков, Сати Казанова өнер көрсетеді.

Айта кету керек, аталмыш шараны Ұлттық арна сағат 19:00 және 20:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу