«Алматы желдеткіш зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының өндірістік құрылыс қажеттілігінің 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр.
Заманауи басқару және өндірістік технологиясы бар зауыт тұтынушылары – химия, мұнайгаз, энергетика, машинақұрылысы, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және т.б салалардың кәсіпорындары.
Мұнда өндірілетін желдеткіштің барлық түрінің жоба-жоспары бастан-аяқ осында сызылып құрастырылады. Яғни, авторлары – зауыттың өз инженер-жобалаушылары. Қолданылатын шикізат та – отандық. Өнімнен еш қалдық қалмайды.
Алматы желдеткіш зауыты халықаралық көрмелерге тұрақты түрде қатысып тұрады. Олардың өнімдері бірнеше жоғары марапаттар мен дипломдар алған.
Бүгін 18:40-та «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы біле аласыздар.