Елді танытар ұлттық құндылық – Ту, Елтаңба, Әнұран бүгінде төрткүл дүниеге кеңінен танылды. Айбынымызды асырған Мемлекеттік рәміздерді құрметпен ұлықтау – әр азаматтың парызы.
Мемлекеттік рәміздер туралы Заң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1996 жылдың 24 қаңтарында қабылданды. Мемлекеттік рәміздердің әрқайсысының өзіндік мәртебесі бар. Мәселен, Туда – егемен еліміздің символы бейнеленген. Нұрға малынған алтын күн – тыныштық пен байлықты айғақтаса, күн – өсіп-өркендеу мен дамудың белгісі. Қанатын жайған қыран құс – еркіндік пен айбындылықты көрсетеді.
Ұлан байтақ кеңістікке қалықтаған қыран қазақ халқының асқақ руһын, жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді. Бірыңғай көгілдір түс бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестеді. Мемлекеттік Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбек.
Мемлекеттік Елтаңба да – Тәуелсіздік пен егемендіктің нышаны. Ондағы шаңырақ, күн, қанатты тұлпар қазақ халқының дүние танымын бейнелейтін қасиетті символдар. Оның әрбірінің терең философиялық мән-мағынасы бар. Елтаңба авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
Әнұран да мемелекеттік басты рәміздердің бірі. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің Әнұраны екі рет, 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Әнұранның танымалдылығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа Мемлекеттік Әнұран қабылданды.
Халық арасында кең танымал патриоттық ән «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасы жаңа Мемлекеттік Әнұранның авторлары - Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.