3 маусым күні республиканың шығысында, солтүстік-батысында, солтүстік және батысының кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
Қазақстанның қалған территориясында жауын-шашынсыз. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Батыс Қазақстан облысының кей жерінде, Қостанай, Павлодар облыстарында найзағай ойнағанда жел 15-20 м/с күшейюі мүмкін.
Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде, сол сияқты Қызылорда облысында ауа райы өте ыстық.