Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының тағдырынан сыр шертетін жоба жалғасын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының тағдырынан сыр шертетін жоба жалғасын тапты

02.06.2015
Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының тағдырынан сыр шертетін жоба жалғасын тапты

Соңғы 13 жылда 9 мыңнан астам қазақ баласын шетелдіктер асырап алған. Шетел асқан балалардың қазіргі өмірі қандай? Ата-анасы кімдер?

 «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасының жүргізушісі Гүлжазира Ғалиқызы осы сауалдарға жауап іздейді.

«Қазақстан» телеарнасының тілшісі шетелдіктер асырап алған қазақтың ұл-қыздарының  тағдырын көзімен көріп келді.  Хабарда олардың қазіргі өмір сүру ортасы, тағдыры, тұрмыс деңгейі, болмысы жан-жақты баяндалады.

Жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған елміз. Ендеше, бұл жобаға бейжай қарамай, шетелде қандас бауырларымыз өсіп келе жатқанын ұмытпайық!

7 маусым күні сағат 10.50-де «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының (ІІІ маусым) арнайын хабарын көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу