Рақымжан Отарбаевтың шығармасы бойынша «Қазына» телехикаясы түсірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рақымжан Отарбаевтың шығармасы бойынша «Қазына» телехикаясы түсірілді

02.06.2015
Рақымжан Отарбаевтың шығармасы бойынша «Қазына» телехикаясы түсірілді

Бүгін жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін «Қазына» телехикаясы эфирге шығады. Жобаның сюжеті танымал жазушы-драматург, «Парасат» орденінің иегері Рақымжан Отарбаевтың «Жұмбақтау қазынасы» кітабына негізделген.  

Телехикаяда Отанына оралған қазақтың өмір жолы, қоғамда кеңінен етек жайған нашақорлық, Ауғанстаннан Еуропаға тасымалданатын есірткі бизнесі туралы баяндалады.

Сюжет желісі бойынша, саяси қуғын-сүргін кезінде басқа елге қоныс аударған Ауған қазағы Әли тарихи Отанына оралады. Қиын-қыстау заманда ата-бабалары Жұмбақтау баурайында қазына жасырып кеткен.

Сол уақыттан бері Әлидің ешқандай арғы-тегі бұл байлыққа қол жеткізе алмаған. Атасы өлер алдында басты кейіпкерге осы туралы айтып, дүниені мұқтаж жандарға бөліп беруін тапсырады.

Әрі қарай сюжет қазыналы байлық іздеудегі қазақ баласы туралы өрбиді. Мақсатқа  жету жолында басты кейіпкер Гаухар есімді бойжеткенмен, қызметін адал атқаратын Азамат Айталиев атты офицермен дос болады.

16 бөлімнен тұратын туындыны бүгін сағат 21:50-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу