Супермаркеттердегі қоларбалар қалай пайда болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Супермаркеттердегі қоларбалар қалай пайда болды?

02.06.2015
Супермаркеттердегі қоларбалар қалай  пайда болды?

Супермаркеттерде азық-түлік тасуға  қолданылатын арбаларды кім және қашан ойлап тапты? XX ғасырдың басында АҚШ  экономикасын жарға жыққан дағдарыс болды. Сол тұста Сильван Голдман атты атақты саудагер өмір сүреді.

Оның дүкеніне кіріп, аз ғана зат алып шығатын тұтынушылардың әрекетіне қатты ашуланған кәсіпкер, «экономикалық күйзелістің маған ешқандай қатысы жоқ. Менің дүкеніме бас сұққандар затты көбірек алуға тиіс», деп алдына үлкен мақсат қояды. Осылайша, ол екі бірдей себет қатар тұратын арба ойлап тауып, дүкеннің кіре-берісіне қояды.

Сондай-ақ, Сильван барлық өнімнің бағасын қолжетімді етіп, келушілерге себеттер толғанша, азық-түлік сатып алуды талап етеді. Кейін бұл тәртіпке халық та әбден үйренеді. Әрі сатып алған заттарын да арқалап жүрмейтін болды.

Күн санап, Сильван Голдманның дүкеніне келушілердің қарасы көбейді. Осыны ескерген ол екі бірдей себетті алып тастап, азық салатын үлкен арба жасайды. Тіпті, оған семіз қошқардың өзі оңай сыйып кететін.

Ал, уақыт өте келе, жетілген әрі әр түрлі дизайндағы арбалар шықты. Бүгінде супермаркеттерді бұл арбаларсыз елестете алмайтын  болдық.

Хабарламаларға жазылу