Халықаралық сәулет жобалары байқауында қазақстандық студенттер жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық сәулет жобалары байқауында қазақстандық студенттер жеңіске жетті

01.06.2015
Халықаралық сәулет жобалары байқауында қазақстандық студенттер жеңіске жетті

Астанада энергия тиімділігі жоғары ғимараттарға арналған студенттік жобалардың 11 халықаралық байқауы аяқталды. Байқауды соңғы он бір жыл қатарынан Saint-Gobain компаниясы жыл сайын өткізіп келеді. Әлемнің 20 елінен қатысқан болашақ сәулетшілер EXPO-2017 көрмесінің аумағында салынатын энергия тиімділігі жоғары тұрғын кешендердің жобаларын ұсынды.

Байқаудың мақсаты – энергия тиімділігі жоғары құрылыс идеяларын кеңінен тарату және құрылыс саласына талантты жас мамандарды тарту. Биылғы тақырып - «Суық климатқа арналған тұрғын квартал – Астана, Қазақстан» деп аталды. Тапсырма «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен тығыз ынтымақтаса отырып дайындалды.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының сәулет-құрылыс департаментінің бас менеджері Зәуре Айтаеваның айтуынша, жарыс нәтижесінде Руслан Абельдинов, Валерия Сидоренко және Иван Шредерлерден тұратын Қазақстан командасы бірінші орынды иеленді.

Қазақстандық жастардың жұмысы энергия тиімділігі жоғары технологияларды қолдану, сан-алуан жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету жағынан барынша үйлестірілген, байқаудың барлық талаптарына жауап беретін жоба ретінде мойындалды.

Екінші орынды франциялық студенттер, үшінші орынды Румынияның қатысушылары иеленді.

Хабарламаларға жазылу