Алматыда каратэ-до Кёкушинкайдан халықаралық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда каратэ-до Кёкушинкайдан халықаралық турнир өтеді

31.05.2015
Алматыда каратэ-до Кёкушинкайдан халықаралық турнир өтеді

1 маусым күні өтетін турнир балаларды қорғау күніне, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Жеңістің 70 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылмақ. Турнирге балалар, жасөспірімдер, қыздар, кадеттер және студенттер қатысады.

Халықаралық жарысқа Қазақстан, Ресей (Новосибирск), Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген 5 және 28 жас аралығындағы 300 спортшы бақ сынамақ.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағазы және медальдар табысталады.

Жарысты ұйымдастырушы Алматы қалалық мәдениет және спорт басқармасы, Спорт және туризм академиясы және №17 АЖБСМ сол сияқты Алматы қаласындағы кёкушинкай федерациясы.

Хабарламаларға жазылу