ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде саяси қызмет атқарған Мұстафа Шоқай өмірі мен тағдыры туралы тарихи туынды 2008 жылдың 20 қарашасында жарыққа шықты.
Фильмде елінің азаттығын аңсаған азамат Мұстафа Шоқайдың өмірі, саяси жолы, Түркістан, Кавказ, Түркия, Франция елдеріндегі эмигранттық тағдыры, айдауға түскен кезде көрген қиыншылықтары айқын көрініс тапқан.
Сүйікті жары, опера әншісі Мария Горина жолдасының жанын түсініп, өз қызметін пида қылады. Режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың туындысын бүгін 23:15-те көре аласыздар.