Эфирде – «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының ІІІ маусымы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эфирде – «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының ІІІ маусымы

31.05.2015
Эфирде – «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының  ІІІ маусымы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы эфирінен көрсетіліп, көрерменге туған елден жырақта өсіп келе жатқан қазақ балалары туралы танымды ақпарат берген «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының III маусымы эфирге жол тартпақ.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, соңғы 13 жылда 9 мыңнан астам қазақ баласы шетел асқан. Осыншама жәудіркөздің кейінгі тағдыры не болды? Олар ата-анасын біле ме? Туған жері, тегі, шыққан ортасы қандай?

Жобаның мақсаты – осы сауалдарға жауап іздеу. Хабар жат жұртта тәрбиеленіп жатқан қаракөздерге  туған елі, ұлты, тілі, діні туралы ақпарат беруді көздейді.

«Шетелдегі қазақ балалары» хабары III маусымдағы алғашқы шығарылымын Нью-Йорктегі қазақ балаларынан бастамақ. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 10:50-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу