«Бүгін – жексенбі» бағдарламасында Маржан Арапбаева қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін – жексенбі» бағдарламасында Маржан Арапбаева қонақта

31.05.2015
«Бүгін – жексенбі» бағдарламасында Маржан Арапбаева қонақта

Әр жексенбі сайын сағат 09:00-де көрермендерін тамаша көңіл күймен оятатын «Бүгін – жексенбі» бағдарламасында  бүгін  танымал эстрада әншісі Маржан Арапбаева қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліседі.

Сондай-ақ, бағдарламаға бала кезінен футболмен айналысып келе жатқан, қазіргі доп қуалаған балалардың көпшілігі оны кумир тұтатын  «Астана» ФК-ның қорғаушысы Елдос Ахметов  те сұхбат бермек.

Ал,  «Қайсар мен Санжар» атты балаларға арналған телехикаяның басты рөлдерін сомдаған жас актерлер Нұрдәулет пен Абылай  кезекті оқу жылын тәмамдап, алдағы демалыс турасындағы ойларымен бөліседі.

Тағы бір жағымды жаңалық, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Қанат Ислам  да Майамиден «Skype» арқылы қосылады.

Бағдарлама барысында өнер, кино, спорт, музыка тақырыптарындағы қызықты сюжеттерді көре аласыздар. Жексенбіде Ұлттық арна қосулы болсын!

Хабарламаларға жазылу