Паводарда педагогикалық институтының жанынан 500 орындық студенттік жатақхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паводарда педагогикалық институтының жанынан 500 орындық студенттік жатақхана ашылды

30.05.2015
Паводарда педагогикалық институтының жанынан 500 орындық студенттік жатақхана ашылды

Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар да қарастырылған. Әр бөлме тоңазытқышы мен ас әзірлейтін электр пеш орналасқан екі секциядан тұрады.

Сонымен қатар, тренажерлық залмен және кір жуатын орынмен жабдықталған. ПМПИ-дың проректоры Ерғали Исақаев хабарлағандай, жоғары оқу орнында қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен шамамен 3600 студент білім алады.

«362 орынға шақталған бір-ақ жатақхана болғандықтан, 700 студентке бөлме қажет еді. Енді Студенттер үйі салынғаннан кейін қосымша 500 адамды қамтыдық. Студенттердің 70 пайыздан астамы Павлодар облысының ауылдық аймақтары мен басқа өңірлерден келетіндіктен, институтта үнемі баспана тапшылығы болады, - дейді Е. Исақаев.

Проректордың сөзіне сүйенсек, бірінші орында жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған, көп балалы отбасынан шыққан, толық емес отбасының және мүмкіндігі шектеулі жандар қамтамасыз етіледі.

 

Фото: Pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу