«Жайдарман». Жоғары лига ойындары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жайдарман». Жоғары лига ойындары

30.05.2015
«Жайдарман». Жоғары лига ойындары

Бүгінде қоғамда қордаланған мәселелерді әзілмен жеткізе білген «Жайдарман» жастың да, үлкеннің де назарын өзіне аудартқан  жоба.

Республикалық Жоғары лиганың 1/4 финалындағы ойындары көрермен назарына жол тартпақ. Бірінші топтың бәсекесін бүгін сағат 22.30-да  Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Өнер көрсеткен командалар арасында «Шымкент жастар құрамасы», «Тұңғыш астана», «Күлтегін», «Аягөз құрамасы», «Павлодар жастар құрамасы»  командалары бар.

Талантты жастардың ұтымды әзілдерін Ұлттық арнамен бірге көріңіздер.

Хабарламаларға жазылу