Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Түлектер күні өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Түлектер күні өтеді

30.05.2015
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Түлектер күні өтеді

Бүгін, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жалпыуниверситеттік Түлектер күні өтеді.  Дәстүрлі шара биыл сағат 10.30-да  ҚазҰУ қалашығындағы әл-Фараби және Өмірбек Жолдасбеков ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталмақ.

Одан кейін қонақтар, оқытушылар, студенттер мен түлектер университет ректоры Ғалым Мұтановтың қатысуымен өтетін салтанатты шараны тамашалайды.

Жиын аясында үздік түлектер университеттің мерейтойлық медальдарымен марапатталады. Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Мерекелік басқосу «Түлектер балымен» қорытындыланбақ.

Айта кетейік, Түлектер күні оқу ордасы ғылыми кеңесінің шешімімен жыл сайын мамыр айының соңғы сенбісінде өтеді. Шара бастамашысы - ҚазҰУ түлектері қауымдастығы. 

Хабарламаларға жазылу