1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау науқаны кең етек алды. 1929 жылы Қазақ өлкелік комитетінің алқалы мәжілісінде Голощекин астық дайындау үстінде өзіне жеке шешім қабылдау құқын беретін қаулы шығартты.
Астық пен ет дайындау – мәжбүрлеу, жазалау және үрей туғызу арқылы жүргізілді. Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Сөйтіп, егіншілікпен айналыспағандарға астық, ал, малы жоқтарға ет салығын салды.
«1937 жылы тәжіктерден «халық жауы» болып бір адам атылды, өзбектен жеті адам атылды. Қырғыздардан қырық адам, ал, қазақтардан 25 мың адам атылды. Не үшін сонша сыпырды? Себебі, бізден олар сескенген. Өйткені, түрік халықтарының ішінде саяси санасы алдымен көтерілген – қазақтар болды»,-дейді филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметов.
Осылайша, қанқұйлы саясат ұстанған басшылар қарапайым халық күйзелісін шегіне жеткізді. Алдымен, мал, одан соң адамдар жаппай қырылды. Бір ғана Торғай облысында 1931 жылы 100 мың бас малдан 1933 жылы бар-жоғы төрт мыңы ғана қалған.
Толығырақ «Таңшолпанда».