Орталықтың қызметі патриотизм рухына тәрбиеленген қазіргі заманғы креативті тұлға ретінде жастардың дамуына ықпал ететін ақпараттық және ағарту ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Орталықтың таныстырылымы аясында «5 институционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 қадам: Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Алматы қаласы әкімдігі, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ҚР жоғары оқу орындары оқытушылары мен «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері шақырылды.
Барлық ақпараттық және білім беру шаралары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтеді. Болашақта ҚР барлық аймақтардағы жоғары оқу орындарында ақпараттық орталықтар желісін құру көзделуде.