«Амиран» компаниясының өнімдері айналдырған 7 жылдың ішінде ата-аналардың ең сенімді серігіне айналды.
Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановтың зауыты осыдан 50 жыл бұрын шағын ғана ауылда сүт асханасы ретінде жұмысын бастаған. Кейін бұл сүт асханалары тұтас Қазақстан бойынша ашылады.
«Амиранның» емдік-профилактикалық өнімдерінің негізі – дәрумендер мен микроэлементтерге мол сиыр сүті. Мұндағы құнарлылық басқа өнімдерге қарағанда басым.
«Біз қазақстандық балалардың ағзасының қажеттіліктеріне жауап беретін композиция жасадық. Яғни, бұл өнімдер басқа елдің балаларының организміне жақпайды»,-дейді академик Төрегелді Шарманов.
«Амиран» өнімдерінің ерекшелігі туралы толығырақ бүгін 19:10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан біле аласыздар.