2007 жылы 31 мамырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Ақмол ауылында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылды.
Жыл сайын қазақстандықтар мыңдаған жекелеген адамдардың ғана емес, сондай-ақ, тұтас бір халықтың тағдырын қайыстырған нәубет жылдар құрбандарын еске алады.
Биылғы жылы да 31 мамыр күні Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында «АЛЖИР» залында «АЛЖИР» мұражайының бірегей жәдігерлері» көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге бұрынғы «АЛЖИР» тұтқындарының құнды заттары қойылған. Жәдігерлер 2013-2015 жылғы іссапарлар нәтижесінде жинақталған.
Келушілерге «Алаш», «АЛЖИР», «Азаттықтың азапты жолы» атты мұражай залдары бойынша экскурсиялар жүргізіліп, «АЛЖИР»-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетіледі.