Астанада Балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік көмек көрсетіледі

28.05.2015
Астанада Балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік көмек көрсетіледі

1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетім балаларға 5 000 теңге көлемінде  бірреттік әлеуметтік көмек көрсетеді, деп хабарлайды astana.kz.

Аталған әлеуметтік көмекпен 600-ге жуық адамды қамту жоспарлануда. «Дар» қоғамдық қоры аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешек түрінде материалдық көмек ұсынады.

Сонымен қатар, бірқатар мекемеде мерекелік іс-шаралар өткізілмек.

Атап айтсақ, Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы – баспанасы» КММ балалардың қатысуымен «Ертегі әлемінде» атты көрініс ұсынып, мерекелік концерт пен сайыстар ұйымдастырылады. Балаларға сыйлықтар таратылып,  қаладағы ойын алаңдарына экскурсия жасалады.

Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігінің Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде балалардың қатысуымен мерекелік концерт өтіп, сыйлықтар таратылады.

Хабарламаларға жазылу