«Таңшолпан» балаларға қуаныш сыйлайды! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» балаларға қуаныш сыйлайды!

27.05.2015
«Таңшолпан» балаларға қуаныш сыйлайды!

1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы бүлдіршіндерге қуаныш сыйламақ.   

30 мамыр күні, сағат 09.00-де Астана қаласындағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығының алдында  3-5 жастағы балалар арасында веложарыс ұйымдастырылмақ.

Жарыс соңында бүлдіршіндерге сыйлыққа тәттілер үлестіріледі.

Ең басты сыйлық -  аталмыш шара бағдарламының алдағы шығарылымдарында Ұлттық арна эфирінен көрсетіледі.

 

 

Хабарламаларға жазылу