Ұстаздың әлеуметтік мәртебесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздың әлеуметтік мәртебесі

27.05.2015
Ұстаздың әлеуметтік мәртебесі

Ұстаздар – ел болашағын  тәрбиелеп отырған жандар. Балаға білім нәрін құю, руһани азық беру – көп ізденісті қажет ететін еңбек. Кез келген баланың жүрегіне жол табу жүздің бірінің қолынан ғана келеді. Сондықтан, ұстаздардың еңбегін бағалауымыз қажет.

Ал, ұстаздар өз кезегінде біліктіліктерін арттырып, заман талабына сай мұғалім болуы керек. Білгенін оқушыға сіңіре білу асқан жауапкершілікті талап етеді.

Бүгінгі мұғалімнің мәртебесін анықтайтын  не? Мұғалімдердің қоғамдағы орын қандай? Бұл үшін арнайы заң қабылдау керек пе, әлде, оның басқа да мүмкіндіктері бар ма? Осы сауалдарға бүгін 17:50-де «Өзекжарды» хабарында кәсіпкер, білім меценаты Бекзат Алтынбеков жауап береді.

Хабарламаларға жазылу