Дихан Қамзабекұлының «Алаш - темірқазық» атты кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дихан Қамзабекұлының «Алаш - темірқазық» атты кітабы жарық көрді

27.05.2015
Дихан Қамзабекұлының «Алаш - темірқазық» атты кітабы жарық көрді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры, белгілі алаштанушы ғалым, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлының «Алаш - темірқазық» атты жаңа кітабы шықты.

ЕҰУ баспасынан жарық көрген жинаққа ғалымның әр жылдарда берген сұхбаттары топтастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбаттар бір ғана тақырыпқа - ғалымның өзі зерттеген алаштану мәселелеріне арналған.

Алаш арыстарының өмір жолы, соңында қалдырған мол мұрасы, олардың мұрағаттардан табылған белгісіз құжаттары, ұрпақтарының бүгінгі тағдыры жөнінде мәліметтер молынан қамтылған.

Осы уақытқа дейін Д.Қамзабекұлының «Смағұл Сәдуақасұлы», «Руханият», «Алаш және әдебиет», «Ағартушылық және әдебиет», «Пайым», «Алаштың рухани тұғыры», «Түркістан алқасы» атты кітаптары жарық көрген.

 

 

Хабарламаларға жазылу