Серікбай Өрікбайұлы: 100 қадам – қазақстандық модельге нақты бағытталған шара - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серікбай Өрікбайұлы: 100 қадам – қазақстандық модельге нақты бағытталған шара

27.05.2015
Серікбай Өрікбайұлы:  100 қадам – қазақстандық модельге нақты  бағытталған шара

Бағдарлама барысында Серікбай Өрікбайұлы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5  институционалдық реформасын жүзеге асырудағы 100 қадамы, Еуразиялық одақ көлемінде қолға алынып жатқан істер, экономикалық өзгерістер төңірегінде әңгіме өрбітті.

«Бүгінгі күніміз – Қазақ елінің ең сәтті кезеңі. Адам табиғатындағы ең қиыны – болашаққа бағыт, бағдар таңдау. Егер оны біле алмаса, адам сасқалақтайды. Ал, сасқалақтаған адамнан еш пайда жоқ. Ол өзіне де, төңірегіне де зиян тигізеді.

Қазір әлемдік дағдарыста қиналмаған мемлекет жоқ. Өйткені, жаһандану процесіндегі әлемдік мәселелер қай елде тұрып жатырсың, оған байланысты емес.  Жаһандану процесіндегі экономика бәріне бірдей тиеді. Бұл дағдарыстан шығуда әр мемлекет өз жолын іздейді.  Ол – елдің тұрған жері, экономикасы, білім деңгейі, инновациясы  бәріне байланысты. Біздің Елбасымыз ұсынған 100 қадам – қазақстандық модельге нақты  бағытталған шара. Бізге ғана бағытталған.

Мұндағы ең бастысы – экономика. Оған қаржы, еңбек ресурстары, жер, салық, құрылыс, шағын кәсіпкерлік, олардың қарым-қатынасы, тендер және т.б. кіреді. 100 қадамда солардың барлығына жеңілдік жасалып, заманға сай талапқа жауап беретіндей өзгерістер, заңды нормалар қабылдансын деген тапсырмалар бар»,-дейді депутат.

Қазақстанда жасалған өнімдерге тоқталған Серікбай Өрікбайұлы: «Қазақстанда жасалған деген – өз жұмыс орны бар деген сөз. Қазақстандықтардың қолынан шыққан, өзімізге тән, өзіміздің бұйым деген сөз. Бұл тауарларды ең адымен өзіміз тұтынып, кейін Еуразияға да шығару керек. Қазір 3-5 елдің арасында күш сынасып, кемшіліктерімізді көріп, жақсы жақтарымызды дамытып алсақ, ертең Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезде, ондағы 162 елмен бәсекелесе алуымыз қажет»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасы – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу