Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде жергілікті билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының арасында ашық диалог орнату мақсатында «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығы құрылды, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.
Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен құрылған баспасөз орталығында өңірде атқарылған жұмыстар туралы айтылып, түрлі оқиғалар туралы тұрғындарға шынайы ақпарат таратылмақ. Сондай-ақ, билік пен БАҚ-тың ашық диалог жүргізетін алаңы әрі толыққанды мәлімет айтылатын мінбер болмақ.
Енді басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері және аумақтық орган басшылары әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері журналистерге сұхбат беріп, брифингтер өткізеді.