Аэроұтқыр әскері – сұранысы жоғары әскер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аэроұтқыр әскері – сұранысы жоғары әскер

24.05.2015
Аэроұтқыр әскері – сұранысы жоғары әскер

Бүгінде Қарулы күштердің заманауи құрамы – аэроұтқыр әскері саналады. Ел Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының резерві.  

Аэроұтқыр әскерлері – әскери-саяси жағдайлардың күрт өзгеруі кезіндегі дағдарысты жедел шешуге, мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау мақсатында кенеттен туындаған жағдайларды орындауға және операция бағытына әскерлерді топтастыруды нығайтуға арналған.

Елде және сырт жерлерде де бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау мақсатындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауға қатыса алады.

Бейбіт және соғыс жағдайында қауіп төнген бағыттар мен аудандарға шұғыл жетуге және кенеттен туындаған тапсырмаларды орындауға әрдайым дайын тұратын аэроұтқыр әскерлері туралы толығырақ бүгін 08:30-да «Ақсауыт» бағдарламасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу