ШҚО-да 38 үздік спортшы облыс әкімінің атаулы стипендиясына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 38 үздік спортшы облыс әкімінің атаулы стипендиясына ие болды

23.05.2015
ШҚО-да 38 үздік спортшы облыс әкімінің атаулы стипендиясына ие болды

Өскемен қаласының Металлургтер Мәдениет сарайында әр түрлі спорт түрлері бойынша халықаралық сайыстарда ҚР командасының Ұлттық құрамында табысты өнер көрсеткені үшін 38 спортшы салтанатты түрде марапатталды. Бұл спортшылар Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың атаулы стипендиясына ие болды.

«Ең үздік спорттық алаңдар мен су бассеиндері біздің ең басты байлығымыз – балаларымызға беріліп отыр. Олар – болашақ чемпиондар. Біз солардың келешегі үшін өскемендік «Торпедоны» қайта жасақтадық. Хоккейімізді көтеру үшін Ресейден, Еуропадан, Солтүстік Америкадан жаттықтырушыларды шақырып, жаңа мұз алаңдарын салуымыз тиіс. Семейде 200 орындық тұрғын үй корпусының құрылысы аяқталған уақытта болашағынан үміт күттіретін балалар сонда орналастырылады. Пансионаттардың қасында жаңа технологиялармен жарақтандырылған заманауи оңалту орталықтары ашылуы керек», – деді Д.Ахметов.

Айсайынғы стипендияға Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакова, еркін күрестен Азия чемпионы Расул Қалиев, 2015 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Алексей Полтаранин, фристаил бойынша Әлемдік қысқы Универсиадының жеңімпазы Юлия Галышева ие болды.

 

Фото: altaynews.kz

Хабарламаларға жазылу