«Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы аукцион өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы аукцион өткізеді

21.05.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы аукцион өткізеді

«Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы ашық аукцион өткізетіні туралы хабарлайды.

Лот №1. 6 боксты гараж, жер учаскесімен. Орналасқан мекенжайы: Атырау қаласы, Атамбаев көшесі, 7Б үй.

Бастапқы бағасы: 10 264 623 (он миллион екі жүз алпыс төрт мың алты жүз жиырма үш) теңге.

Өтетін орны: Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29.

Өтетін күні және уақыты: 2015 жылғы 28 мамыр күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де.

Кепiл жарнаның мөлшерi: 102 646, 23 (бір жүз екі мың алты жүз қырық алты) теңге 23 тиын, тиісті банк шотына аудару арқылы енгізіледі және аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат бұрын оны енгізгендігі туралы төлем тапсырыс табыс етіледі.

Аукцион сауда-саттықтың ағылшын әдiсi бойынша бағаны көтеру арқылы  өткізіледі. Аукционға шығарылатын мүлікке ең жоғары баға ұсынған қатысушы аукцион жеңімпазы болады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2015 жылғы 25 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша 15.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн:

1) аукционға қатысуға өтiнiм;

2)  қатысушының паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін;

3)  кепiл жарна енгiзгенiн растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін;

4)  салық органымен берілген салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғандығын растайтын құжат көшірмесін;

5)  банктен ағымдық шот бар екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасын;

6)  өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты тапсыру қажет.

Заңды тұлғалар қосымша заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған жарғы мен заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерiн табыс етеді.

Сұрақтар туындаса: 8 (7122) 45-83-00, 45-85-62 телефондарына немесе Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

Хабарламаларға жазылу