Бүгін – Әнуар Молдабековтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Әнуар Молдабековтің туған күні

20.05.2015
Бүгін – Әнуар Молдабековтің туған күні

Әнуар Молдабеков – жасындай жарқылдап қазақ киносы мен театры сахнасындағы қайталанбас образдарымен ел-жұртты елең еткізген майталман актер. Актердың талантын бірден байқаған Әзірбайжан Мәмбетов еді. Ол студияға келген сәттен бастап Әнуардың өнер жолындағы нағыз ұстазына айнала білді.

Бірде қазақ театры Мәскеуге барып, Чеховтың «Менің сүйікті ағатайым» спектаклін қойғанда, орыс сыншылары Ән-ағаңның шеберлігіне тәнті болып, «тек сахна үшін туған мінсіз әртіс екен. Тіпті, бізден де асырып жіберді»,-депті.

Ол драма, трагедия, комедия, тіпті тарихи жанрдағы қойылымдарда шеберлігімен  дараланып, аты аңызға айналды.

«Қазақтың кәсіби театр өнеріндегі ірі тұлғалардың бірі. Орыс, батыс классикасында жолы болған адам. Бір ғана Чеховтың туындысындағы Войницкий рөлі – актердің шарықтау шегін көрсетеді»,-дейді ҚР Халық әртісі Есмұхан Обаев.

Ол ойнаған кинолардың да жөні бөлек.  Көрермен «Ән қанатында» фильміндегі Жаяу Мұса бейнесін көріп, актер шеберлігі деген ұғымның тереңіне көз жеткізді.  Сол еңбегі үшін Әнуар Молдабеков 27 жасында Мемлекеттік сыйлық алды. Ал, Шеге мен Еламан образы әлі күнге халық жадында.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу