Бір жарым миллион тұрғыны бар алып қалада өз қиындығымен бетпе-бет қалған, сөйтіп, қол жайып, қайыр сұрауға мәжбүр болған адамдар аз емес. Олардың да таңы атып, күні батады. Өкінішке қарай, үмітпен емес, күдікпен...
«Дүние бір қисық жол бұраңдаған,
Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.
Күніне тоқсан тоғыз бәле көрсең,
Сонда да күдер үзбе, бір Алладан», – деп кеткен біздің ата-бабаларымыз. Тағдыр қатал сынаған жандардың мұндай күйге түсуіне не себеп? Оларды тура жолға салудың амалы бар ма?
Бүгінгі «Айтуға оңай...» үміт пен күдік арасында тайталасып өмір сүріп жатқан жандар туралы. Ұлттық арнадан 21:05-те көре аласыздар.