Ертең Тұңғыш Президент музейінде Солтүстік Қазақстан облысының мұражайлар бірлестігі қорының «Бірліктің бесігі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарланған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында.
«Ұлттық игілік» музейаралық серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылған «Бірліктің бесігі» көрмесі Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналып отыр.
Экспозиция келушілерді өлкенің полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихымен таныстырады, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыстарының қол жеткізген жетістіктері жайлы баяндайды.