Қазақстандықтар 2015 жылдың бірінші тоқсаны бойынша 328 мың жеңіл автокөлік сатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар 2015 жылдың бірінші тоқсаны бойынша 328 мың жеңіл автокөлік сатып алған

18.05.2015
Қазақстандықтар 2015 жылдың бірінші тоқсаны бойынша 328 мың жеңіл автокөлік сатып алған

2015 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар 328 мың жеңіл автокөлік сатып алған. Олардың 40 мыңы - жаңа көліктер.

Қаңтар-наурыз айларында жалпы көліктер саны 8,2 пайызға ұлғайып, 4,3 миллионға жеткен.

Көлік санының ең жоғары өсімі Павлодар (49 мыңнан 219 мың көлікке) және Алматы (40 мыңнан 554 мыңға) облыстарында тіркелген.

Ал, республика бойынша сатып алынған жаңа көліктер саны 12,3 пайызға (366 мыңға) ұлғайған.

Павлодар облысында олардың саны 19 мыңға, Ақмола облысында 13 мыңға және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әкелінген жаңа автокөліктер саны 9 мыңға жетті, деп хабарлайды ranking.kz

Хабарламаларға жазылу