Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBС) президенті Маурисио Сулейманның айтуыныша орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim) мен IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы кіші Вилли Монроға қарсы жекпе-жек өткізгеннен соң жартылай орта салмақта WBС атағына үміткер атануы мүмкін.
«Геннадий Головкин Монроны жеңсе, біздің уақытша чемпионымыз болады. Сонан соң, орта салмақтағы Мигель Коттомен WBA белбеуі үшін жекпе-жек өткізуі мүмкін. Егер, Котто мен Сауль Альварес кездесуі ұйымдастырылатын болса, жекпе-жек жеңімпазы Геннадиймен шаршы алаңға шығатын болады», - дейді Маурисио Сулейман.