Иіссуды дұрыс қолдану тәсілдері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иіссуды дұрыс қолдану тәсілдері

16.05.2015
Иіссуды дұрыс қолдану  тәсілдері

Ерлердің стилдік имиджін қалыптастыруда оның киім киісімен қатар, иіссу да үлкен рөл атқарады.

Тіпті, психологтар олардың иіссуына қарап, мінез-құлқын білуге болатындығын айтады.

1. Иіссуды киімнің үстінен себуге болмайды. Біріншіден, әтір иісі тек терімен жанасқанда ғана сыртқа шығады. Екіншіден, киіміңізде дақ болып қалуы мүмкін.

2. Негізінде, иіссуды таза әрі құрғақ теріге себу керек. Әсіресе, тері демалатын жерлерге: құлақ арты, мойын және білекке сепкен дұрыс.

3. Иіссуыңызды жиі ауыстырып, жаңадан қолданып жүрсеңіз, неғұрлым аз көлемде сепкеніңіз дұрыс. Себебі, біз бір шашқанда шектен тыс мөлшерде сеуіп, мұрнымыз үйреніп алған соң сезбей қаламыз.

4. Егер, қаншалықты көп сепкеніңізбен, үстіңізден жағымды әтір иісін сезе алмасаңыз, онда сіздің мұрныңыз ол иісті қабылдамай қалған. Мұндай жағдайда, оны келесі бір иіссумен уақытша ауыстыра тұрған абзал.

5. Ашылмаған құтыдағы иіссу 3-5 жылға дейін жарамды. Ал, егер ашылған болса, оны бір жылдан артық қолданбағаныңыз дұрыс.

6. Иіссудың ең қауіпті үш дұшпаны бар. Олар - жарық, жылу және ылғалдылық. Бұлар иіссудың өзіндік иісін жоғалтуға ықпал етеді.

7. Иіссуды тек үш кезеңнен өткізіп барып бағалағаныңыз дұрыс. Бірінші кезең бір минутқа созылады, ол иіссуды шашқандағы алғашқы иісі. Екінші кезең иіссудың терімен жанасқаннан кейінгі химиялық реакция түскеннен соң шығатын иісі. Ал, үшінші кезеңге тек 10 минуттан кейін ғана жетеміз. Бұл иіссудың негізгі иісі саналады. Осы үш кезеңнен кейін ойланбай сатып алуыңызға болады.

 

kostanaytany.kz

Хабарламаларға жазылу