Көшет отырғызудың тың тәсілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшет отырғызудың тың тәсілі

16.05.2015
Көшет отырғызудың тың тәсілі

Көшет отырғызу технологиясы өте күрделі процеске жатады. Себебі, отырғызатын көшеттердің саналуан түрлерімен қоса, оларды ыдыста немесе ыдыссыз өсіреді. Осыларға байланысты ондай көшеттермен жұмыс технологиясы  да өзгешеленеді.

Мұндай  технологиялық жұмыстарды іске асыратын машиналар ыдыспен немесе ыдыссыз өсірілген көшеттерді егістік жерге отырғызуға арналған. Олармен көшетті қатарлап немесе шаршы-ұялап отырғызуға болады.

Ал, соңғы кездері көшет отырғызудың инновациялық  тәсілі қолданылып келеді. Ол қандай тәсіл? Ерекшелігі неде? Бүгін сағат 08:40-та «Агробизнес» хабарынан біле аласыздар.

Хабар барысында сонымен қатар, сүтті сиырлар мен жұмыртқа өндірудегі қажеттіліктер туралы тың ақпараттар берілмек.

Хабарламаларға жазылу