Пайдалы көбелектердің барын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пайдалы көбелектердің барын білесіз бе?

14.05.2015
Пайдалы көбелектердің барын білесіз бе?

Егер сіз еліміздің Оңтүстік өңірлерін аралай қалсаңыз, бір банкі тосап емес, бір банкі көбелек сатып тұрған жанды көресіз. Ал, егер егіс даласында миллиондаған көбелектердің ұшып жүргенін аңғарсаңыз, тіпті әуелінде абыржып қалуыңыз әбден мүмкін.

Жалпы, мамандар мақта өсіретін алқаптарда улы химикаттардан гөрі биоәдісті пайдаланудың тиімділігін жоғары екенін айтады. Дамыған елдерде бұл әдіс әуелден-ақ қолданылып келеді.

Мақта алқаптары елді мекендерге тым жақын орналасқандықтан, химиялық препараттармен өңделуі салдарынан тұрғындар арасында сары ауру, асқазан-ішек, тыныс аурулары мен аллергия секілді дерттер көбейеді.

Оның үстіне Оңтүстіктің шаруалары жылда мақта енді өнім бере бастағанда мақтаның күйе көбелегінен зардап шегеді. Ол мақта түйініне жұмыртқасын салады да, одан пайда болған құрт түйіндерді жеп қояды.

Ал, габробракон көбелегі залалданған мақта түйіндерін исі арқылы тауып, ондағы зиянкестің құртына өз жұмыртқасын қалдырып кетеді екен. Осылайша, зиянкестің көзі жойылады.

Пайдалы көбелектердің сырына қаныққыңыз келсе, бүгін 21:05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу